ЕАГИ-де өрт қауіпсіздігі бойынша оқу-жаттығу өтті

2022 жылғы 3 мамырда Еуразия гуманитарлық институтында өрт қауіпсіздігі бойынша тактикалық-арнайы оқу-жаттығу өтті. Іс-шараның мақсаты табиғи, техногендік және әлеуметтік сипаттағы ТЖ кезінде жедел іс-қимыл жасау, ТЖ салдарынан зардап шеккен адамға алғашқы дәрігерге дейінгі көмек көрсету (бұл жағдайда өрт кезінде) біліктері мен дағдыларын пысықтау болып табылады.

Оқу-жаттығу ұйымдасқан түрде өтті, эвакуация санаулы минуттарда орын алды, зардап шеккендерді құтқару және дәрігерге дейінгі алғашқы көмек көрсету сауатты жүзеге асырылды.

Осындай іс-шараларды өткізудің арқасында студент жастарда төтенше жағдайларда қауіпсіз мінез-құлық және жедел шешім қабылдау дағдылары қалыптасады, бұл төтенше оқиғалардың туындау тәуекелін төмендетуге ықпал етеді.