ЕАГИ-де семинар өтті

2018 жылдың 10 қаңтарында ЕАГИ-де білім беру мазмұнын жаңартуды жүзеге асыру мәселелері бойынша семинар өткізілді. Онда шақырылған спикер «Назарбаев Зияткерлік мектебі» ББАҰ-ның оқу бағдарламаларын әзірлеу жөніндегі орталығы директорының орынбасары Сәлменова Гүлнар Исламбекқызы сөз сөйледі.

Семинар жұмысына тәрбие ісі жөніндегі проректор Я.Н. Оспанова, академиялық мәселелер және аккредиттеу жөніндегі директор С.Б. Загатова, білім беру сапасы мониторингі бөлімінің бастығы Б.Т.Байльденов, шетел тілдері және педагогика кафедраларының меңгерушілері мен оқытушылары, Астана қаласы №72 мектеп-лицейіндегі шетел тілдері кафедрасы филиалының өкілі, ағылшын тілінің мұғалімі А.Т. Утегенова қатысты.