ЕАГИ-де шахматтан турнир өтті

2022 жылғы 30 қарашада Еуразия гуманитарлық институтында Астана қаласы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасымен бірлесіп шахматтан турнир өтті. Турнирге қатысушылар алдында тәрбие жұмысы жөніндегі проректор, п.ғ.к., профессор Оспанова Ярослава Николаевна, ЖІК төрағасы Әбілдина Әйгерім және Студенттер Парламентінің спорттық фракциясының жетекшісі, Ф-21-01 академиялық тобының студенті Нұркеев Алмаз құттықтау сөз сөйлеп, шахмат турнирлерін өткізу біздің институттың дәстүрі болып табылатынын және шахматшылардың спорттық шеберлігін жетілдіруге ықпал ететінін атап өтті.

Турнир барысында студенттер шахмат ойнау шеберлігінің жоғары деңгейін көрсетті.

Турнир қорытындысы бойынша 1-орынды – Сериков Дарын (АI-19-01   академиялық тобы), 2-орынды Нуркеев Алмаз (Ф-21-01 академиялық тобы) иеленді, 3 орынды Салимжуаров Гани (ЮР-20-01 академиялық тобы) және Манасиденов Әділет (ИЯТ-22-01 академиялық тобы) бөлісті.

Астана қаласы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы турнирдің жеңімпаздары мен қатысушыларын грамоталармен, алғыс хаттармен және бағалы сыйлықтармен марапаттады.