ЕАГИ-де студенттерге арналған «OES-Вебинар», «Платонус» ААЖ білім беру платформаларының мүмкіндіктерін пайдалану бойынша оқыту вебинары өтті

2020 жылдың 10 сәуірінде Еуразия гуманитарлық институтында «OES- Вебинар», «Платонус» ААЖ білім беру платформаларының мүмкіндіктерін пайдалану» тақырыбында оқыту вебинары өтті. Вебинарға ЕАГИ басшылығы мен әкімшілігінің өкілдері, кафедра басшылары, тіркеу бөлімінің, Қашықтықтан оқыту орталығы қызметкерлері және академиялық топ старосталары қатысты.

Вебинар модераторы С.Б. Загатова алдағы бақылау рейтингі, қорытынды аттестаттау нысандары туралы айтып, сонымен қатар on-line және off-line сабақтарын өткізу мәселесіне тоқталды.

Вебинарға қатысушылар «OES- Вебинар», «Платонус» ААЖ білім беру платформаларының мүмкіндіктерімен таныстырған Қашықтықтан оқыту орталығы мамандары Б. Баймамыров пен А.С. Темірғалиева сөздеріне қызығушылық танытты. Вебинар барысында студенттерге Zoom платформасында оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы ақпарат ұсынылды.

Семинар барысында старосталар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, қашықтықтан оқыту технологияларын дамыту бойынша өз тәжірибелерімен бөлісті.

Кездесу студенттердің үлкен қызығушылығын тудырды, олар тақырыптың өзектілігі мен спикерлердің кәсібилігін атап өтті.