ЕАГИ-де Студенттік Парламент Президентінің сайлауы өтті

2024 жылғы 27 ақпанында А.Қ. Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институтында Студенттік Парламент Президентінің сайлауы өтті. Біздің ЖОО-ның кез келген студенті сайлауға қатысу үшін өз кандидатурасын бере алды. Кандидаттарды қолдауға және оларға дауыс беруге алғашқылардың бірі болып ЕАГИ ректоры А.Ж. Исмаилов, проректорлар, декан, тіркеу бөлімінің бастығы, деканның орынбасары, кафедра меңгерушілері, ЖІК төрағасы, сондай-ақ белсенді студенттер келді. Күні бойы үміткерлерге ЕАГИ қызметкерлері, оқытушылары мен студенттері дауыс берді. Дауыс беру қорытындысы бойынша «Шетел тілі: екі шетел тілі» білім беру бағдарламасының 3 курс студенті Ергалиева Ая жеңіске жетті. Құттықтай отырып, сәттілік тілейміз!