ЕАГИ-де волейбол бойынша турнир өтті
2016 жылдың 24 – 25 қазан күндері Еуразия гуманитарлық институтында «Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз. Біз есірткіге қарсымыз. Біз салауатты өмір салтын қолдаймыз!!!» ұранымен волейбол бойынша турнир өтті. Спорттық іс-шара Астана қаласы Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментімен және Астана қаласы ІІД-нің есірткімен күрес бойынша басқармасымен бірге өткізілді.
Бұл жарыста 1-орын кубогын мемлекеттік-құқықтық пәндер кафедрасы жеңіп алды. Ал 2-ші және 3-ші орынды экономикалық және математикалық пәндер кафедрасы және педагогика, шетел тілдері кафедрасының құрама командалары жеңіп алды. «Қазақ және орыс филологиясы» кафедрасының командасы «Жеңіске жету жолында ерік үшін» дипломымен марапатталды. Турнирдің жеңімпаздары мен үздік ойыншылары дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.