ЕАГИ-де жастар ортасындағы әдептілік пен академиялық адалдыққа арналған Бірыңғай сағат өтті
2018 жылдың 27 ақпанында сағат 11.00-де Еуразия гуманитарлық институтында кафедралардың профессорлар-оқытушылар құрамы мен студенттерінің қатысуымен жастар ортасында әдептілік пен академиялық адалдыққа арналған Бірыңғай сағат өтті. Іс-шараның мақсаты – студенттік ұжымда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және академиялық адалдық принциптерін нығайту. Бірыңғай сағат аясында кафедраларда флэшмоб және кураторлық сағаттар өткізілді. Онда студенттер аталған тақырыпқа арналған әсерлі газеттер, презентациялар көрсетіп, сөз сөйледі.
Іс-шара қатысушылары баяндамаларының барысында студенттерді қызықтыратын мәселелер қозғалды. Студенттердің оқу қызметінде әділетсіз амалдарды қолданулары көптеген елдерде, оның ішінде Қазақстанда да жоғары білім беру жүйесі үшін көкейтесті мәселе болып табылатындығы белгіленді. Оқу қызметінде әділетсіз амалдардың кеңінен қолданылуы маңызды салдарларға әкеледі. Біріншіден, ол студенттер оқуларының ресурстарын инвестициялаудың тиімділігін төмендетеді. Бұл өз алдына түлектердің білімдері мен дағдылары деңгейлерінің төмендеуіне себеп болады, сол себепті экономикалық әлеует пен даму қарқынының бәсеңдеуіне әкеледі.
Академиялық адалдық Еуразия гуманитарлық институтының оқу үдерісінде негізгі құндылықтардың бірі болып табылады. ЕАГИ-де «Студенттің және оқытушының ар кодексі», «Академиялық адалдық кодексі» бекітілді және қызмет етеді. ЕАГИ-де қызмет ететін маңызды жүйе – ол академиялық адалдық принципі. Бұл ЖОО-да, біріншіден, кәсіпқойлық, жауапкершілік және дербестік бағаланады деген сөз. Оқу үдерісінде туындайтын қиындықтарды әділетсіз жолмен айналып өтуге жол берілмейді.
Бірыңғай сағаттың өткізілуі институттың оқытушылары мен студенттері өздерін ЕАГИ академиялық және студенттік қоғамдастығының жауапты мүшелері ретінде санайтындықтарын және академиялық қызметтің моральдық және этикалық ережелерін сақтауға дайын екендіктерін көрсетті.