ЕАГИ-де Жеңіс күніне арналған мерекелік іс шара өтті

2016 жылдың 29 сәуірінде Ұлы Отан соғысы Жеңісінің 71-жылдығына арналған мерекелік іс-шара өтті.

Бұл іс-шараның мақсаты – отаншылдыққа, азаматшылдыққа, Ұлы Отан соғысының батырларын құрметтуге, өз Отанын сүюге және үлкендерді сыйлауға тәрбиелеу. Оқу және ғылыми жұмыс жөніндегі проректор, т.ғ.д., профессор Қ.Ә. Ахметов құттықтау сөз сөйледі.

Осындай ұлы датада, т.ғ.к., доцент М.М. Джанпеисова баяндамасын оқыды.

Сол қиын кездер көрініс табатын, видео және фото материалдар көрсетілді; өз батырлығы мен өжеттіктерімен ерекшеленетін, әрбір солдаттың, әрбір ана мен қыздардың сезімдері мен ойларын жеткізетін поэтикалық қойылымдар қойылды. Институттың қызметкерлері мен студенттеріне арнап әр мамандықтың студенттері концерттік бағдарлама қойды.

Соғыс туралы көптеген документалды және тарихи фильмдер түсіріліп, әндер мен өлеңдер жазылды. Осы ақпаратқа сүйене отырып, біз Ұлы Отан соғысы туралы барлық қайырымсыз шындықты көріп, ести аламыз.