ЕАГИ-де жыл сайынғы педагогикалық олимпиада өтті

2021 жылдың 2 сәуірінде педагогика кафедрасы Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасымен бірлесіп, онлайн-режимде барлық педагогикалық мамандықтардың студенттері үшін кезекті «Педагогика бойынша пәндік олимпиада» өткізді.

Олимпиаданың қазылар алқасының құрамына педагогика кафедрасының жетекші оқытушылары, сондай-ақ педагогика кафедрасы филиалының өкілі, № 32 мектеп-гимназиясының оқу ісі жөніндегі меңгерушісі О.А. Карина кірді.

Байқауға «Жаңа толқын» (ПМНОк-18-01, команда капитаны Тынысбек Мәдина), «Зерек бала» (ДОВк-18-01, команда капитаны Қарсыбек Алтынай), «Тұран» (И-18-01, команда капитаны Мерген Әділхан), «Синергия» (ПМНО- 18-01, команда капитаны Новикова Яна), «Алқызыл желкендер» (ПП-18-01, команда капитаны Жетписова Зарина), «Изивин» (ИЯ-18-01, команда капитаны Сарқытов Аңсар) командалары қатысты.

Барлық командалар дайындалған және кәсіби бағдарланған, тапсырмаларды орындауға жауапкершілікпен және креативті келді. Жарыс келесі нәтижелермен аяқталды: 1-орын – «Изивин» (ИЯ-18-01, жетекшісі Кыдрбаева М.А.), 2-орын – «Синергия» (ПМНО-18-01, жетекшісі Изделеуова А. Б.), 3-орын – «Алқызыл желкендер» (ПП-18-01, жетекшісі Рахимжанова Г. Ж.). Командалар түрлі номинациялар мен алғыс хаттармен марапатталды, әр қатысушыға бағалы сыйлық берілді.