ЕАГИ-дегі аудармашылар күні
30 қыркүйек күні шетел тілдері кафедрасы «International Translation Day» мерекесіне орай онлайн-конференция ұйымдастырды.
Кіріспе сөз педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент, шетел тілдері кафедрасының меңгерушісі Людмила Васильевна Волковаға берілді. Ол оқытушылар мен студенттерге құттықтау сөз сөйледі.
Кафедра оқытушысы, гуманитарлық ғылымдар магистрі А.Б. Камзина өз сөзінде тілдік мамандықтардың маңыздылығына тоқталып, аудармашылар күнінің қысқаша тарихын айтып берді.
Шақырылған қонақ ретінде кәсіби аудармашы, гуманитарлық ғылымдар магистрі А.Ю. Ястребов сөз сөйлеп, болашақ аудармашыларға пайдалы ұсыныстар берді.
Конференция барысында ИЯК-18-04 тобының студенті Садуова Сабира В. Шекспирдің шығармасын мәнерлеп оқыды.
Іс-шара соңында гуманитарлық ғылымдар магистрі, кафедра оқытушысы А.Н. Умуткулова «International Translation Day» байқауының нәтижелерін жариялады:
«Үздік қабырға газеті» номинациясында 17-02, 20-01 топтары жеңіп алды, сол үшін оларға сертификаттар табыс етілді.
«Көркем мәтіннің үздік аудармасы» номинациясы бойынша сертификаттар берілді:
1-орын Карим Ислам – француз тілінен қазақ тіліне аударма;
2-орын Жаксылыкова Диана – француз тілінен орыс тіліне аударма;
3-орын Булаткулова Сания – француз тілінен орыс тіліне аударма.
1-орын Ибрагимова Мадина – қытай тілінен қазақ тіліне аударма;
2-орын Негметжанова Алтынай – қытай тілінен қазақ тіліне аударма;
3-орын Имамбекова Адиля – қытай тілінен орыс тіліне аударма.
1-орын Бажина Асемжан – ағылшын тілінен қазақ тіліне аударма;
2-орын Абиханова Пакизат – ағылшын тілінен қазақ тіліне аударма;
3-оырн Гришукевич Наталья – ағылшын тілінен орыс тіліне аударма.
Кәсіби мерекелеріңізбен құттықтаймыз! Табыс пен өркендеу тілейміз!