ЕАГИ-дегі Қазақстан халқы Ассамблеясы күні

2024 жылғы 26 қарашада ЕАГИ-де Қазақстан халқы Ассамблеясының күндері басталды. Іс-шара ұйымдастырылып, оған студенттер мен оқытушылар, институт қызметкерлері, ҚХА өкілдері және Елорда жастары қатысты. Іс-шараның модераторы «Астананың орыс қауымдастығы» ҚБ төрағасы Авдеев Андрей  Леонидович болды.

Қазақстан халқы Ассамблеясының спикерлері: Рзаев Махир Мухтар Оглы – Әзірбайжан «Хазар» этномәдени орталығының төрағасы, Зиявдинова Сарсенгуль Блаловна – Астана қаласы ҚХА Аналар кеңесінің мүшесі, Қазақстан ұйғырлары республикалық мәдени орталығының Астана қаласындағы Астана филиалының «Ханун-Қизла» әйелдер кеңесінің басшысы, Салумян Саак Акопович – «Ван – армян этномәдени орталығы» ҚБ төрағасы сөз сөйледі.

Бағдарлама басталар алдында іс-шараға қатысушылар үшін этномәдени орталықтардың көрмесі таныстырылды.

Іс-шараны тәрбие ісі жөніндегі проректор, п.ғ.к., профессор Оспанова Ярослава Николаевна ашты.

Шара соңында Астана ҚХА шығармашылық ұжымдарының қатысуымен концерттік бағдарлама ұсынылды.