ЕАГИ-дегі халықаралық ғылыми-практикалық конференция
2021 жылғы 9 желтоқсанда Еуразия гуманитарлық институты Қырғызстанның халықаралық университетімен бірлесіп, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдардың қазіргі заманғы мәселелері» атты Халықаралық ғылыми-практикалық онлайн-конференция өткізді.
Конференция жұмысына Қазақстан, Ресей және Қырғызстаннан 500-ден астам ғалым қатысты. Бұл орта, жалпы, орта кәсіптік, жоғары, қосымша кәсіптік білім беру бағдарламаларын іске асыратын ғылым және білім беру мекемелерінің өкілдері (Нұр-Сұлтан, Алматы, Бішкек, Москва қалалары және т.б.) болып табылады.
Пленарлық отырыста Еуразия гуманитарлық институтының ректоры, тарих ғылымдарының докторы А.Қ. Құсайыновтың; Еуразия гуманитарлық институтының оқу және ғылыми жұмыс жөніндегі проректоры, профессор, тарих ғылымдарының докторы Қ.Ә. Ахметовтің; Қырғызстан халықаралық университетінің ЕҚБ ғылым және халықаралық байланыстар жөніндегі проректоры, биология ғылымдарының кандидаты М.С. Байходжоевтің (Бішкек қ., Қырғызстан); академик, филология ғылымдарының докторы, Л.Н. Гумилев ат. Еуразия ұлттық университетінің профессоры Қамзабекұлы Диханның (Нұр-Сұлтан қ., Қазақстан); педагогика ғылымдарының докторы, Қырғызстан Халықаралық университетінің профессор Қ.Д. Дабаевтың (Бішкек қ., Қырғызстан); PhD, доцент, Л.Н. Гумилев ат. Еуразия ұлттық университетінің аударма теориясы мен практикасы кафедрасының меңгерушісі М.Ж. Ескендірованың (Нұр-Сұлтан қ., Қазақстан); Еуразия гуманитарлық институты педагогика кафедрасының профессоры, тарих ғылымдарының кандидаты А.Ж. Аманбаевтың; филология ғылымдарының кандидаты, Қырғызстан Халықаралық университетінің доценті Г.З. Бексұлтанованың (Бішкек қ., Қырғызстан); филология ғылымдарының кандидаты, Назарбаев университетінің қауымдастырылған профессоры Ж.А. Ағабекованың (Нұр-Сұлтан қ., Қазақстан); заң ғылымдарының кандидаты, профессор, Еуразия гуманитарлық институтының заң пәндері кафедрасының меңгерушісі Қ.З. Ыдырысовтың; М.Х. Дулати ат. Тараз аймақтық университеті «Қаржы» кафедрасының доценті, экономика ғылымдарының кандидаты Д.Б. Мұратованың (Тараз қ., Қазақстан); педагогика ғылымдарының докторлары, Еуразия гуманитарлық институты педагогика кафедрасының профессоры Б.С. Сәрсекеевтің баяндамалары оқылды.
Конференция жұмысы дөңгелек үстел аясында келесі бағыттар бойынша жалғасты:
- Педагогика және психология.
- Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар: тарих, әлеуметтану, философия, әлеуметтік жұмыс, экология, валеология.
- Тіл және әдебиет мәселелері.
- Шетел филологиясы және аударма ісі.
- Халықаралық қатынастар және аймақтану.
- Құқық.
- Менеджмент, экономика және қаржы.
Конференция қорытындысы бойынша ұсыныстар қабылданып, қатысушыларға сертификаттар берілді.
ЕАГИ ұйымдастыру комитеті