ЕАГИ-дегі заңгерлер күні

2023 жылғы 29 қыркүйекте заң пәндері кафедрасының оқытушылары мен студенттерінің бастамасымен А.Қ. Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институтында заңгер күніне арналған салтанатты іс-шара өтті, оның негізгі мақсаты – болашақ мамандардың бойында патриотизм сезімін дамыту, заңгер мамандығына деген сүйіспеншілік пен құрметті қалыптастыру болды.

Іс-шара кафедраның мезгілсіз қайтыс болған профессорлары Х.Ә. Әбішев, К.М. Мукажанов, Е.Ж. Жумабаев, аға оқытушы Ж.К. Тулепеновті еске алу үшін бір минут үнсіздіктен басталды.

Бұдан әрі «Құқықтану» білім беру бағдарламасының студенттері көркемөнерпаздар өнерінің түрлі нөмірлерімен өнер көрсете отырып, өздерінің қабілеттері мен таланттарын көрсетті.