«ЕАГИ – денсаулық аумағы»: футбол турнирі

2023 жылғы 4 қазанда ЕАГИ спорт клубы, ЕАГИ студенттік Парламентінің Спорт және салауатты өмір салты фракциясы, Жастар ісі жөніндегі комитет Астана қаласы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасымен бірлесіп футболдан турнир өткізді. Тартысты бәсекеде бірінші орынды «Тұмар» командасы («Қазақ тілі мен әдебиеті» ББ және «Қаржы» ББ біріккен командасы), екінші орынды «Техас» («Қаржы» ББ, «Қазақ тілі мен әдебиеті» ББ және «Шетел тілі: екі шетел тілі» ББ біріккен командасы) және үшінші орынды «Авангард» («Тарих» ББ командасы) командасы жеңіп алды.

Сондай-ақ турнир қатысушылары арасында келесі номинациялар бойынша жеңімпаздар анықталды:

  • «Үздік қақпашы» – Анарбай Хайрулла («Қазақ тілі мен әдебиеті» ББ);
  • «Үздік шабуылшы» – Ильхан Аралбай («Тарих» ББ);
  • «Үздік қорғаушы » – Ерасыл Жомартов («Қаржы» ББ).

Барлық жеңімпаздарға Астана қаласы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының грамоталары мен бағалы сыйлықтары табыс етілді.

Алда жеңістер тілейміз! Біз сіздерді мақтан тұтамыз!