«ЕАГИ – денсаулық аумағы»: теннистен турнир

2023 жылғы 18 сәуірде ЕАГИ спорт клубы, ЕАГИ студенттік Парламентінің Спорт және салауатты өмір салты фракциясы, жастар істері комитеті Астана қаласы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасымен бірлесіп, А.Қ. Құсайынов ат. Еуразия гуманитарлық институтының студенттері арасында теннистен турнир өткізді.

Спорттық жарыс барысында студенттер спорт шеберлігінің жоғары деңгейін көрсетті.

Турнир қорытындысы бойынша 1-орынды Арыстанғали Бекжан (ҚТ-22-01 академиялық тобы), 2-орынды Макенов Данияр (Т-22-01 академиялық тобы), 3-орынды Нұрлатқызы Балнұр (ШТ-22-01 академиялық тобы) иеленді.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге А.Қ. Құсайынова ат. Еуразия гуманитарлық институтының грамоталары және Астана қаласы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бағалы сыйлықтары табысталды.