«ЕАГИ – денсаулық аумағы»: волейболдан турнир

2025 жылғы 24 сәуірінде ЕАГИ спорт клубы, ЕАГИ Студенттік Парламентінің спорт және салауатты өмір салты фракциясы, Жастар істері жөніндегі комитеті Астана қаласы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасымен және Астана қаласы әкімдігінің «№ 3 қалалық емханасы» ШЖҚ МКК бірлесіп А.Қ. Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институтының студенттері арасында волейболдан турнир өткізді.

Бірінші орын үшін күресте келесі құрамдағы «Авангард» командасы жеңіске жетті.

Екінші орын – «ИнЯз-24-01» командасында.

Үшінші орынды «Триумф» командасы иеленді.

Сондай-ақ турнир қатысушылары арасында «Турнирдің үздік ойыншысы» номинациясының жеңімпаздары анықталды:

  • Ер балалардың арасында – Ахмет Дәурен (Т-22-01 академиялық тобы);
  • Қыз балалардың арасында – Қайырбекова Диляра (КЭТ-24-01 академиялық тобы).

Барлық жеңімпаздар мен жүлдегерлерге, сондай-ақ турнирді ұйымдастырушылар – Волков О.А., Мергалиев М.М, Жиенше Абылай (Т-23-01 академиялық тобы), Мамедов Роман (Ф-23-01 академиялық тобы), Молдағалиев Исламға (Т-23-01 академиялық тобы) Астана қаласы әкімдігінің «№3 қалалық емханасы» ШЖҚ МКК грамоталары мен алғыс хаттары және Астана қаласы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бағалы сыйлықтары табыс етілді.