«ЕАГИ – денсаулық аумағы»

2022 жылдың 22 қыркүйегінде ЕАГИ студенттік Парламентінің Спорт және салауатты өмір салты фракциясы, Жастар ісі жөніндегі комитет Астана қаласы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасымен бірлесіп футболдан турнир өткізді. Тартысты бәсекеде бірінші орынды «Enter» командасы («Шетел тілі: екі шетел тілі» және «Құқықтану» ББ біріккен командасы), екінші орынды «Берзлой» («Қаржы» ББ және «Қазақ тілі мен әдебиеті» ББ біріккен командасы) және үшінші орынды «ЮР-ФИ» («Қаржы» және «Құқықтану» ББ біріккен командасы) командасы жеңіп алды.

Сондай-ақ турнир қатысушылары арасында келесі номинациялар бойынша жеңімпаздар анықталды:

– «Үздік қақпашы» – Алданов Орал (ИЯ-22-01 академиялық тобы);

– «Үздік ойыншы» – Терёшин Роман (ЮР-22-01 академиялық тобы).

Барлық жеңімпаздарға Астана қаласы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының грамоталары мен бағалы сыйлықтары табыс етілді.

Алда жеңістер тілейміз! Біз сіздерді мақтан тұтамыз!