ЕАГИ-дің 30 жылдық мерейтойы қарсаңындағы ашық дәрістер
2025 жылғы 24-27 ақпанда А.Қ. Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институтының 30 жылдығын мерекелеу аясында педагогика және тарих кафедрасының оқытушылары барлық білім беру бағдарламаларының 1-курс студенттеріне ашық дәрістер оқыды. Профессор А.Ж. Аманбаев пен профессор М.М. Джанпеисова белгілі ғалым А.Қ. Құсайыновтың Қазақстан Республикасының жоғары білімін реформалауға қосқан ерекше үлесін атап өтіп, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің және біздің университеттің тарихынан кейбір фактілер туралы айтып берді.