ЕАГИ-дің бірінші курс студенттері 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалысын меңгеруде

Осы жылы Қазақстандағы Амангелді Иманов бастаған ұлт-азаттық қозғалысқа 100 жыл толады.

1916 жылғы қозғалыс қазақ халқының тарихында ерекше орын алады. Империализм жағдайы мен Бірінші дүниежүзілік соғыс кезеңінде Амангелді Иманов және қозғалыстың басқа да жетекшілері халықты тәуелсіздік үшін күреске шақырды. Кенесары Қасымов бастаған ұлт-азаттық қозғалыстан кейінгі 1916 жылғы қозғалыс, еліміздің барлық аймақтарын қамтыған, ұлттық сипатта болды. Оның басты мақсаты – халықты ұлттық және саяси азат ету болды.

Осындай тарихи оқиғамен байланысты, бірінші курс студенттері «Қазақстан тарихы» пәні аясында, т.ғ.к., доцент М.М. Джанпеисованың жетекшілігімен «Сто лет борьбы. Национально-освободительное движение казахов XVIII и XX в.в.» тақырыбында өздік жұмысын орындады.

Студенттер осы тақырыпты меңгеруде қызығушылық танытып, өз жұмыстарында жаңашыл зерттеулерді, фото және киноқұжаттарды қолданды. Бірінші курс студенттері осы тақырыпты игеруде, қазақ әдебиетінде, өнерде, кинода, көшелер мен алаң атауларында бұл тарихи оқиғаның терең сақталғанын көрсетті.  Студенттер мынандай қорытындыға келді:  100 жыл өтсе де, бостандық пен тәуелсіздік үшін қазақ халқы мен оның батырларының батыл күресін Қазақстан үнемі есте сақтайды!