ЕАГИ-дің КТК командалары өз өнерлерін көрсетті

2016 жылдың 28 сәуірінде Еуразия гуманитарлық институтының қабырғасында КТК өтті.

Әр түрлі факультеттердің командалары берілген тақырыпта тапсырмалар орындау, алдын-ала дайындалған көріністер қойып және тағы басқа жарысатын сықақ ойын ойнады. Барлық командаларға ойынның үш бөлімінен өту керек болды:

  1. Таныстыру;
  2. Биатлон;
  3. Сұрақ-жауап.

1-орынды қазақ және орыс филологиясы кафедрасының «Күлімде» командасы жеңіп алды;

2-орынды ҚазЭҚХСУ-нің командасы иеленді.

2-орынды педагогика кафедрасының «Жай команда» командасы иеленді;

3-орынды азаматтық-құқықтық пәндер кафедрасының «Тараз» командасы иеленді.

Азаматтық-құқықтық пәндер кафедрасының «Заңгер» командасы қатысқандары үшін алғыс хатпен марапатталды.

«Жай команда» ЕАГИ қабырғасындағы тек қана қыздардан тұратын КТК-нің бірінші командасы екенін атап өту керек. ЕАГИ студенттері КТК ойынына екінші жыл қатысып жүр.