ЕАГИ-дің шетел тілдері кафедрасының профессорлар-оқытушылар құрамының мемлекет Басшысы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауын талқылауы
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың билік тармақтары арасында өкілеттіктерді қайта бөлу мәселелері жөніндегі үндеуі мен Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» жолдауын талқылау
2017 жылғы қаңтардың соңғы күндері Қазақстанның ішкі саяси өміріндегі маңызды оқиғалармен ерекшеленді. 25 қаңтарда Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың мемлекеттік билік тармақтары арасында өкілеттіктерді қайта бөлу мәселелері жөніндегі үндеуі жасалды. 31 қаңтарда Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты жолдауы жарияланды.
2 ақпанда қызметкерлердің, профессорлар-оқытушылар ұжымы және белсенді студенттердің қатысуымен жоғарыда аталған құжаттарды талқылауға арналған Ғылыми кеңестің кеңейтілген мәжілісі өтті. Өз сөзінде институт ректоры академик А.Қ.Құсайынов мемлекет Басшысының үндеуі Қазақстанның қоғамдық-тарихи өміріндегі тарихи оқиға болып табылатынын атап өтті. Бұл біздің елімізде тәуелсіздік жылдарында жүзеге асырылған барлық түбегейлі өзгерістердің логикалық жалғасы. Н.Ә.Назарбаев өз сөзінде саяси жүйені реформалаудың бағыттарын көрсетті. Президент ұсынып отырған билік тармақтары арасында жауапкершіліктерді бөлу басқару жүйесінің тиімділігін көтеруге ықпал етеді. Бұл біздің еліміздегі демократияның одан ары дамуына деген тағы бір қадам. Өз үндеуіне сәйкес Президент келесі стратегиялық міндеттерді атқарады: жоғары арбитр рөлін атқарады, сыртқы саясат, ұлттық қауіпсіздік пен қорғаныс қабілетіне жауап береді, Парламент – заң шығарушы, Үкімет орындаушы билікке жауап береді. Билік тармақтары арасында өкілеттіктерді бөлу белгілі жауапкершілікті, биліктің халыққа есеп беруге міндеттілігін болжайды.
Проректор Қ.Ә.Ахметов, қатысушылардың алдындағы сөзінде, ағымдағы жылдың Жолдауында ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев алдағы өзгерістерді Үшінші жаңғыру деп атай отырып, экономикалық өсудің жаңа моделін жасау қажеттілігін көрсеткенін атап өтті. Басымдықтардың арасында экономиканың технологиялық жаңғыруы, кәсіпкерлікті ынталандыру, мемлекеттің экономикадағы рөлінің төмендеуі, сыбайлас жемқорлықпен, экстремизммен және киберқылмыспен күрес аталды. Жолдауда адами капитал сапасын жақсарту идеясы белгіленген, білім беру жүйесінің рөлі атап өтілген: «Біздің міндетіміз – білім беруді экономикалық өсудің жаңа моделінің орталық буынына айналдыру. Оқыту бағдарламаларын сыни ойлау қабілетін және өз бетімен іздену дағдыларын дамытуға бағыттау қажет». Президент Н.Ә. Назарбаев жоғары білім беру жүйесі сапасына ерекше назар аударады: «Жоғары оқу орындарының кадрлық құрамына, материалдық-техникалық жабдықталу деңгейіне, білім беру бағдарламаларына қатысты бақылау мен талап күшейтілуі қажет».
Өз сөздерінде Қ.А.Мамаділ, институт деканы, Л.В.Волкова, шетел тілдері кафедрасының меңгерушісі, Г.Д.Тажбенова, экономикалық және математикалық пәндер кафедрасының меңгерушісі, А.Ж.Аманбаев, педагогика кафедрасының профессоры, К.З.Идрисов, мемлекеттік-құқықтық пәндер кафедрасының профессоры, Қ.М.Мұқажанов, мемлекеттік-құқықтық пәндер кафедрасының профессоры, Е.Ж.Жұмабаев, мемлекеттік-құқықтық пәндер кафедрасының доценті, Н.Тырнахан, жастар ісі жөніндегі комитеттің төрағасы, Т.Ермакова, ҚР Президентінің атаулы стипендиясының иегері мемлекеттіліктің нығаюына, казақстандық қоғамның демократизациясына, елдің экономикалық дамуының жаңғыруына бағытталған мемлекет Басшысының реформаларын қолдады.