«EAGI FEST» студенттік фестивалі: «Әндет» вокалдық байқауының қорытындысы

2023 жылғы 3 мамырда А.Қ. Құсайынов ат. Еуразия гуманитарлық институтының Жастар ісі жөніндегі комитет және Студенттік парламенті «EAGI FEST» студенттік фестивалі аясында «Әндет» вокалдық байқауы өткізілді. Вокалдық конкурсты өткізудің негізгі мақсаттары: вокалдық деректермен дарынды студенттерді, сондай-ақ әртүрлі музыкалық аспаптарда ойнайтын студенттерді қолдау; өнер арқылы көркемдік-эстетикалық талғамды қалыптастыру.

Байқауда келесі студенттер:

  • 1-орын – Сериккалиева Мадина (ШТ-21-01 тобы, 2-курс, «Шетел тілі: екі шетел тілі» білім беру бағдарламасы);
  • 2-орын – Русланқызы Фарида (ҚТ-21-01 тобы, 2-курс, «Қазақ тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламасы);
  • 3-орын – Шаяхметова Динара (ШТ-22-01 тобы, 1-курс, Шетел тілі: екі шетел тілі» білім беру бағдарламасы) жеңіске жетті.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге кубоктар мен грамоталар табысталды. Жаңа шығармашылық жеңістер тілейміз!