ЕАГИ-гі инклюзивтік білім беруді дамыту бойынша психологиялық-педагогикалық қызмет өз жұмысын жағастырады
2015 жығы маусымның 23-гі №45 Еуразия гуманитарлық институты ректорының бұйрығымен инклюзивтік білім беруді дамыту бойынша психологиялық-педагогикалық қызмет көрсету құрылды. Қызмет координаторы болып психология магистрі, педагогика кафедрасының аға оқытушысы Тойшибекова Майра Канапьяновна тағайындалды. Қызмет іс-шараларының аясында – ЕАГИ-дің еріктілер қозғалысының белсенділері Айжан Мәжит пен Динара Қайырбектің қатысуымен құрастырылған, тиімді коммуникациялардың, адаптациялардың, төзімділік пен жеке даму дағдыларын қалыптастыруға бағытталған тренингтер өткізіледі. Ерікті-студенттер мүмкіндіктері шектеулі студенттермен және олардың кураторларымен жұмыс жүргізеді. Жұмыстың маңызды кезеңі «Асыл жүрек» студенттік клубы болып табылады. Клубтың мүшелері қызметтерін тек қана институтта ғана емес, сонымен бірге «Балажан» балабақшасында диплом алдындағы практика аясында да көрсетеді. Мұнда психологиялық зерттеудің амалдары мен әдістерін қолдануға ғана емес, сонымен бірге болашақ мамандықтың жаңа аспектілерін үйренуге мүмкіндік бар. Ұлттық гвардияда да жұмыс атқарылады. Мұнда «Асыл журектілер» жас жауынгерлерге әскери қызмет жағдайына үйренулеріне көмектеседі (диплом алдындағы практика аясында).