ЕАГИ Халықаралық аудармашылар күнін атап өтті

ЕАГИ-дің шетел тілдері кафедрасының оқытушылары мен студенттері Халықаралық аудармашылар күні қарсаңында осы іс-шараны шығармашылық кеш ұйымдастырып, атап өтті. Кеште музыкалық нөмірлер мен конкурстар болды.

Іс-шараға «GalaTranslations» компаниясының қызметкерлері Аима Максұткызы және Зарина Балмагамбетова қатысты. Жұмыс берушілер ағылшын, неміс, қытай тілдерін өте жақсы меңгерген және белсенділік танытып отырған студенттерден үлкен әсер алды. ЕАГИ-дің 2015 жылғы түлегі Рүстем Рахимжановтың өнер көрсетуі көрермендер үшін үлкен тосын сый болды.

Аудармашылар күні – шетел тілдері кафедрасы үшін оқытушылар мен студенттердің өз тәжірибелерімен алмасуға және шығармашылықтарын танытуға мүмкіндік беретін дәстүрлі мерекеге айналды.