ЕАГИ кітапханасындағы ақпараттық сессиялар
2025 жылдың 2-3 қыркүйегінде А.Қ. Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институтының 1-курс студенттері үшін бағдарлау апталығы аясында кітапхана ұжымы ұйымдастырған ақпараттық сессиялар өтті.
Студенттер оқу орны кітапханасының және электрондық ресурстар бөлімінің жұмыс режимімен танысты, кітап қорын тиімді пайдалану, әдебиеттерді іздеу тәсілдері және ғылыми-зерттеу қызметінде қолданылатын дереккөздер туралы толық ақпарат алды.
Бұл іс-шара студенттердің кітаппен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастырудың, ақпаратты өз бетінше іздеудің және ғылымға деген қызығушылықтың алғашқы қадамы болды.







