«EAGI» командасы «Дара» зияткерлік телеконкурсына қатысты

2023 жылғы 13 мамырда А.Қ. Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институтының командасы «Қазақстан» ұлттық телеарнасы ұйымдастырған Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарының студенттері арасында «Дара» зияткерлік телеконкурсына қатысты. Телеконкурстың негізгі мақсаты: студент жастардың зияткерлік қабілеттерін жақсарту және жоғары оқу орындарының имиджін арттыру болды.

«EAGI» командасын келесі студенттер:

  • Бекен Ерасыл, «Құқықтану» білім беру бағдарламасының студенті (2-курс, ЮҚ-21-02 академиялық тобы);
  • Маратова Асия, «Шетел тілі: екі шетел тілі» білім беру бағдарламасының студенті (1-курс, ШТ-22-01 академиялық тобы);
  • Бейсен Сапар, «Шетел тілі: екі шетел тілі» білім беру бағдарламасының студенті (1-курс, ШТ-22-01 академиялық тобы);
  • Мукушева Диана, «Шетел тілі: екі шетел тілі» білім беру бағдарламасының студенті (1-курс, ШТ-22-01 академиялық тобы);
  • Тлеужан Бейбіт, «Тарих» білім беру бағдарламасының студенті (1-курс, Т-22-01 академиялық тобы);
  • Құрбан Нұралы, «Тарих» білім беру бағдарламасының студенті (1-курс, Т-22-01 академиялық тобы) ұсынды.