ЕАГИ Мұғалімдер күнін атап өтті

Еуразия гуманитарлық институтында Мұғалімдер күні қарсаңында 30 қыркүйекте дәстүрлі мерекелік концерт ұйымдастырылды.

Бұл күні студенттер өздерінің сүйікті ұстаздарын қошеметпен қарсы алып, көптеген жылы лебіздерін білдірді.

Концерттің салтанатты бөлімін институттың оқу және ғылыми жұмыс жөніндегі проректоры, т.ғ.д., профессор Қ.Ә. Ахметов ашты. Проректор әріптестерін кәсіби мерекелерімен құттықтап, барлығына шығармашылық табыс, денсаулық және шыдамдылық тіледі. Сонымен бірге Қадыр Әбілжанұлы институттың оқытушыларына алхыс хаттар табыс етті.

Мұғалімдер күнінде студенттер оқытушыларға жылы да жүрек жарды құттықтауларын білдіріп, педагогтерін өздерінің шығармашылық нөмірлерімен қуантып, ұмытылмас мереке сыйлады.