«ЕАГИ – мейірімділік аумағы» қайырымдылық акцияс

2021 жылдың 24-25 қараша аралығында Еуразия гуманитарлық институтында Жастар ісі жөніндегі комитет, еріктілер орталығы, «Саналы Ұрпақ» студенттік сыбайлас жемқорлыққа қарсы клубы және «Zhas Qanat» әлеуметтік клубы «ЕАГИ – мейірімділік аумағы» қайырымдылық акциясын өткізді. Акцияға институт қызметкерлері, оқытушылары мен студенттері қатысты. Барлық түскен қаражат дилатациялық кардиомиопатия диагнозымен емделіп жатқан ЕАГИ түлегінің әкесі Кенжесарин Бауыржан Қайырбековтың емделуіне бағытталды.