ЕАГИ-мен танысу

2016 жылдың 2-3 қыркүйегінде ЕАГИ-дің конференц-залында Еуразия гуманитарлық институты әкімшілігінің 1-курс студенттерімен кездесулері өтті. Кездесулердің басты мақсаты – 1-курс студенттерін институттың әкімшілігімен, топ кураторларымен, студенттік өзін-өзі бақылау жетекшілерімен, сонымен бірге, ішкі тәртіп ережелерімен, Еуразия гуманитарлық институтының Қаулысымен, жоғары оқу орны студентінің ар кодексімен, кредиттік технологияның ережелерімен таныстыру болып табылды.

ЕАГИ ректоры, академик А.Қ. Құсайынов бірінші курс студенттерін құттықтады. Ректор өз сөзінде студенттерді жаңа студенттік өмірдің басталуымен құттықтады. Студенттерді біздің институтымыздың жетістіктерімен таныстырды және оқуда табыс тіледі, институтымыздың үлкен жетістіктерге жеткен түлектерін үлгі ете отырып, бірінші курс студенттерін белсенді, ынталы болуға шақырды.

Студенттердің алдында институттың бірінші проректоры, психол.ғ.к., профессор А.Ж. Исмаилов сөйледі. Амангелді Жақсылықұлы өз сөзінде, үздіксіз оқудың еңбек нарығында жеке тұлғаның бәсекеге қабілеттілігінің кепілгері болатынын айтты. Сонымен бірге, студенттерге келешекте бәсекеге қабілетті маман болуға көмектесетін сапалы білім алуға ЕАГИ-де барлық жағдай жасалғанын атап өтті.

Ары қарай бірінші курс студенттерінің алдында оқу және ғылыми жұмыс жөніндегі проректор т.ғ.д., профессор Қ.Ә. Ахметов, тәрбие ісі жөніндегі проректор, п.ғ.к., доцент Я.Н. Оспанова, институт деканы, филол.ғ.к., доцент Қ.А. Мамаділ сөз сөйлеп, оқу және тәрбие жұмысының негізгі ережелеріне тоқталды.

Кездесу барысында студенттер сұрақтар қойып, пікір алмасты. Сонымен қатар, студенттер алдында психологиялық қызметтің жетекшісі, психол.ғ.д., профессор Т.А. Абдрашитова, пресс-орталықтың жетекшісі Ж. Камзина, ЖІК төрағасы Н. Тырнахан, жастар ісі жөніндегі комитеттің көшбасшылары, педагогика кафедрасының еріктілері өз қызметтері жайлы айтып, залмен қызықты ұжымдық тренингтер өткізді.