ЕАГИ Наурызды қарсы алды

2017 жылдың 16 наурызында Еуразия гуманитарлық институтында Наурыз мейрамын салтанатты мерекелеу басталды. Наурыз – бес мың жылдан аса тойланып келе жатқан қазақтардың, Азияның көптеген халықтарының басты мерекесі. Наурыз – бұл көктем мерекесі, табиғаттың жаңаруы, жаңа жылдың, жаңа өмірдің бастамасы. ЕАГИ-де меркелік іс-шаралар тізімінде спорттық жарыстар мен мерекелік концерт болды. Оқытушылар Р.С. Балтабеков пен Д.С. Ташкеев институттың спорт алаңында «Тоғыз құмалақ», «Қол күрес», «Қазақша күрес» атты ұлттық спорт түрлері мен гір спорты бойынша жарыстар ұйымдастырды.

Концерттік бағдарламаны құттықтау сөзбен ЕАГИ-дің оқу және ғылыми жұмыс жөніндегі проректоры Қ.Ә.Ахметов ашты. Концертте институт кафедраларының студенттері дәстүрлі киимдерді, Қазақстанда тұратын халықтардың әндері мен билерін көрсетті.

Наурыз мерекесіне орай институтта студенттік топтар арасында қабырға газеті конкурсы өткізілді. Мерекелік концертте тәрбие ісі жөніндегі проректор, п.ғ.к., доцент Я.Н. Оспанова және ЖІК төрағасы Н. Тырнахан жеңімпаздарға грамоталар мен естелік сыйлықтар табыс етті. Концерттен кейін студенттер мен оқытушылар мерекелік дастарханға шақырылды.

Өткізілген мерекелік іс-шаралар студенттер бойында патриоттық сезім қалыптастырып, Туған жерге деген сүйіспеншіліктерін арттырады.