ЕАГИ оқытушылары біліктіліктерін арттырады

2021 жылдың 19 қарашасынан бастап педагогика кафедрасының оқытушылары А.Т. Балтабаева, Н.Ж. Болатбекова, Н.А. Кударова, Г.Ж. Рахимжанова, Б.Т. Солтанова, И.А. Тобагабылова, Ж.Е. Турманова ALEMECOSHOOL ұйымдастырған «Ізгілік педагогика» бағдарламасы бойынша біліктілікті арттыру онлайн-курстарына қатысады. Спикер ретінде Алексей Бабаянц – педагог, бизнесті және отбасылық қатынастарды жеке дамыту саласындағы психолог-кеңесші және Марина Шишова – педагогика ғылымдарының кандидаты, Халықаралық адамгершілік педагогика орталығының вице-президенті қатысты.