ЕАГИ оқытушыларының академиялық ұтқырлығы

2018 жылдың 16 қыркүйегінен 29 қыркүйегіне дейін Еуразия гуманитарлық институты экономикалық және математикалық пәндер кафедрасының меңгерушісі, доцент Г.Д. Тажбенова және кафедраның профессоры Л.М. Сембиева академиялық ұтқырлық аясында Шяуляй университетінің (Литва) студенттері үшін дәріс оқыды.

Осы кезеңде (21-22 қыркүйек) біздің әріптестеріміз Литва Республикасының әйгілі мемлекет қайраткері Ионас Алекс Пранасқа арналған «ХХІ ғасыр эволюциясының мемлекеттік көрінісі: ұлттық және халықаралық контекст» ғылыми конференциясының жұмысына белсенді қатысты.