ЕАГИ ректоры грантының конкурсы!

2018 жылдың 23 тамызында сағат 11.00-де ЕАГИ-де көптен күткен ЕАГИ РЕКТОРЫ ГРАНТЫНЫҢ КОНКУРСЫ өтті. Конкурсты ҰБТ және КТ-ға дайындау бойынша қоғамдастық желісін құрушы Яичникова Кристина Игоревна өткізді.

ЕАГИ ректоры үш грантының конкурсы онлайн режимінде өткен олимпиада нәтижелерінің негізінде өткізілді. Бірдей балл жинаған грант үміткерлеріне қосымша кезең өткізілді. Бұл келесі жеңімпаздарды анықтады:

  1. Тегін оқу грантының иегері – Абдибекова Жибек Батырғалиевна.
  2. 50% жеңілдікпен оқу грантының иегері – Мухамедьянова Асемай Кайратовна.
  3. 25% жеңілдікпен оқу грантының иегері – Ордабай Диана Ерғазықызы.

Төртінші жеңімпаз Дамирова Жанар Аблайқызына оқуға 10% жеңілдік берілді!