ЕАГИ ректоры грантының ұтыс ойыны – 2022

2022 жылдың 26 тамызында Еуразия гуманитарлық институтында көптен күткен ЕАГИ ректоры грантының ұтыс ойыны өтті. Ұтыс ойынын ҰБТ және КТ-ға дайындық бойынша қоғамдастықтар желісінің әкімшісі Яичникова Кристина Игоревна өткізді.

Ережеге сәйкес онлайн-олимпиаданың қатысушылары ұтыс ойынының финалдық кезеңіне жіберілді, оның қорытындысы бойынша ең көп балл жинаған үміткерлер анықталды.

Қорытынды бойынша келесі жеңімпаздар анықталды:

  1. Тегін оқу грантының иегері – Оразалина Азиза Саматовна (6В02307 – «Аударма ісі» білім беру бағдарламасы).
  2. 50% жеңілдікпен оқу грантының иегері – Аскарова Сабина Армановна (6В02307 – «Аударма ісі» білім беру бағдарламасы).
  3. 50% жеңілдікпен оқу грантының иегері – Алшынбаева Талшын Құдайбергенқызы (6В01704 – «Шетел тілі: екі шетел тілі» білім беру бағдарламасы).
  4. 25% жеңілдікпен оқу грантының иегері – Амангелды Дильназ Мейрамқызы (6В04108 – «Қаржы» білім беру бағдарламасы).

Жеңімпаздарды құттықтаймыз!