ЕАГИ ректоры грантының ұтыс ойыны – 2023

2023 жылдың 25 тамызында  А.Қ. Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институтында көптен күткен ЕАГИ ректоры грантының ұтыс ойыны өтті. Ұтыс ойынын ҰБТ және КТ-ға дайындық бойынша қоғамдастықтар желісінің әкімшісі Яичникова Кристина Игоревна өткізді.
Ережеге сәйкес онлайн-олимпиаданың қатысушылары ұтыс ойынының финалдық кезеңіне жіберілді, оның қорытындысы бойынша ең көп балл жинаған үміткерлер анықталды.
Қорытынды бойынша келесі жеңімпаздар анықталды:

  • Тегін оқу грантының иегері – Жәркен Нұрбол Айбекұлы (6В041 – «Бизнес және басқару» (Қаржы) білім беру бағдарламасы).
  • 50% жеңілдікпен оқу грантының иегері – Понамарев Владислав Викторович (6В042 – «Құқық» (Құқықтану) білім беру бағдарламасы).
  • 25% жеңілдікпен оқу грантының иегері – Адай Ару (6В017 – «Тілдер және әдебиет бойынша мұғалімдерді даярлау» («Шетел тілі: екі шетел тілі ) білім беру бағдарламасы).

Жеңімпаздарды құттықтаймыз!