ЕАГИ ректорының білім беру грантын сарапқа салу нәтижелері

1-24 тамыз аралығында Еуразия гуманитарлық институты ректорының білім беру грантын сарапқа салуға қатысушыларды тіркеу жүргізілді. Ректордың білім беру грантын беру бойынша конкурсқа 2016 жылы ҰБТ немесе КТ тапсырған Қазақстан Республикасы мектептері мен колледждерінің түлектері қатыса алды.

Конкурсқа қатысу шарттары:

1. Ректордың білім беру грантын беру бойынша конкурс туралы ақпаратты Facebook және VK.com әлеуметтік желілеріне орналастыру.

2. Қатысушының белгіленген тәртіпте тіркеу формасының мәліметтерін толтыруы (Қатысушының байланыс телефоны, тегі, аты мен әкесінің аты) және Ұтыс ойынын өткізу кезінде көрсетілген әлеуметтік желілердегі Институт топтарына мүшелігі.

Конкурсқа 174 талапкер қатысты.

24 тамызда ЕАГИ-дің конференц-залында ректордың білім беру гранты сарапқа салынды. Сарапқа салу нәтижелері бойынша № 00025 жеңді. Жеңімпаз – 5В011900 – «Шетел тілі: екі шетел тілі» мамандығына түсуші Смағұлова Аида Серғазықызы. Құттықтай отырып, озат оқу тілейміз!!!