ЕАГИ ректорының кубогына дебаттық турнир

2022 жылдың 6 мамырында Еуразия гуманитарлық институтының Студенттік Парламенті ЕАГИ ректорының кубогына дебаттық турнир өткізді. Пікірталас өткізудің мақсаты қазақстандық қоғамда орын алған мәселелерді талдау және қоғамдық талқылау арқылы студенттердің әлеуметтік және шығармашылық белсенділігін арттыру болып табылады.

Дебат турнирінің жеңімпаздары болып келесі қатысушылар танылды:

1-орын – Хайсина Марьям (ИЯ-21-01 академиялық тобы) және Хамзин Азамат (ИЯ-21-01 академиялық тобы);

2-орын – Сулейменов Рахман (ЮР-20-01 академиялық тобы) және   Әлімхан Бақдәулет (ЮР-20-01 академиялық тобы);

3-орын – Астемирова Алина (ПД-21-01 академиялық тобы) және  Иванов Егор (ПД-21-01 академиялық тобы).

Қатысушылар сондай-ақ әртүрлі номинация бойынша атап өтілді: «Үздік төреші» – Харченко Юлия (ИЯ-21-01 академиялық тобы); «Үздік спикер» – Сулейменов Рахман (ЮР-20-01 академиялық тобы).

Пікірсайыс турниріне қатысқаны үшін:

Нуркеев Алмаз (Ф-21-01 академиялық тобы), Нусупова Карина (ИЯ-21-01 академиялық тобы), Жаксыбаева Елана (ПД-21-01 академиялық тобы), Лытарь Никита (ПД-21-01 академиялық тобы), Журтекина Медина (ПД-21-01 академиялық тобы), Кожмухаметова Асылжан (ПД-21-01 академиялық тобы) алғыс хаттармен марапатталды.

Қорытындыларды шығару рәсімінде тәрбие жұмысы жөніндегі проректор, п.ғ.к., профессор Ярослава Николаевна Оспанова жеңімпаздарға ауыспалы кубокты табыс етті, сондай-ақ турнирдің барлық қатысушыларына алғысын білдіріп, бүгінгі күні жастар үшін өз көзқарасын дәлелдей білу, заңнаманы білу, өз сөзін қисынды құра білу және қойылған нәтижеге қол жеткізу маңызды екенін атап өтті.