ЕАГИ салауатты өмір салтын қолдайды

2015 жылғы 5 қыркүйекте Еуразия гуманитарлық институтының студенттері мен оқытушылары «Салауатты өмір салтын қолдаймыз» ұранмен «Денсаулық-2015 фестиваліне» қатысты. 1999 жылдан бастап ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың бастамасымен «Денсаулық фестивалі» бүкіл ел бойынша жыл сайын өткізіледі және салауатты өмір салтына жүздеген мың адамдар жиналады.

Осы жылы, шамамен, бес мың адам болды. М.Жұмабаев және Қ.Мұңайтпасов көшелерінің қиылысында жарыс басталып, «Жерұйық» саябағында аяқталды. Медициналық ұйымдар тарапынан көмек көрсетіліп, фестиваль жеңімпаздарына бағалы сыйлықтар беріліп, концерттік бағдарлама ұйымдастырылды.