ЕАГИ Студенттер үйіндегі жиналыс
2024 жылғы 19 желтоқсанда ЕАГИ Студенттер үйінің студенттік кеңесінің бастамасымен қорытынды жиналыс өтті. Оған жатақханада тұратын студенттер, сондай-ақ Жастар ісі жөніндегі комитеттің көшбасшылары, педагог-тәрбиеші Б.Ш. Кадрина, комендант Г.У. Дутпаева және психологиялық қызметтің басшысы А.Б. Мусиев қатысты. Студенттік кеңестің төрағасы Ж. Ауганбай 2024-2025 оқу жылының бірінші семестрінде атқарылған жұмыстар туралы есеп берді.
Жиналысты өткізу барысында Б.Ш. Кадрина, Г.У. Дутпаева, А.Б. Мусиев және студенттер кеңесінің жетекшілері қойылған барлық сұрақтарға жауап беріп, студенттерден түскен ұсыныстар мен тілектерді назарға алды.