ЕАГИ студенттері «2016 жыл кітабы – Дулат Бабатайұлы шығармалары» тақырыбында өткен ашық дәріске қатысты

image-20-09-16-19-23

2016 жылғы 16 қыркүйекте ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында «Әлем. ХХІ ғасыр. Оқу арқылы рухани үндестік пен мәдениетке» атты Халықаралық Кітапханашылар конгресі аясында өткен «Республикалық «Бір ел – бір кітап» акциясы. 2016 жыл кітабы – Дулат Бабатайұлы шығармалары» тақырыбындағы ашық дәріске «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының ҚТӘ-14-02 тобының студенттері ғылым магистрі, аға оқытушы А.Қ.Нұрбанованың бастауымен қатысты.

Дәріс барысында Дулат Бабатайұлының өмірі мен шығармашылығы туралы көптеген тың мәліметтер тыңдап, Дулат ата мұрасы жөніндегі танымдарын тереңдетті.

Дәріске қатысқан мектеп оқушылары, онлайн режимі арқылы қосылған Қазақстанның түкпір-түкпіріндегі мектептер мен кітапxаналар, әскери қызметтегі азаматтар өздерінің руxани танымдарын кеңейте алды. Дәріс өте жоғары деңгейде, қызықты болып өтті.