ЕАГИ студенттері арасындағы пікірсайыс турнирі

2023 жылғы 5 қазанда Еуразия гуманитарлық институтында А.Қ. Құсайынов атындағы ЕАГИ студенттік Парламентінің пікірсайыс қозғалысының фракциясы, Жастар ісі жөніндегі комитет, «Verum» пікірсайыс клубы, «Саналы ұрпақ»  студенттік сыбайлас жемқорлыққа қарсы клубы пікірсайыс турнирін өткізді.

Келесі қатысушылар пікірсайыс турнирінің жеңімпаздары болып:

1-орын – Журтекина Медина, «Аударма ісі» білім беру бағдарламасының студенті (ПД-21-01 академиялық тобы);
2-орын – Искендiров Ильяс, «Құқықтану» білім беру бағдарламасының студенті (ЮР-21-01 академиялық тобы);
3-орын – Нусупова Карина, «Шетел тілі: екі шетел тілі» білім беру бағдарламасының студенті (ИЯ-21-01 академиялық тобы) танылды.

Номинациялар бойынша турнир жеңімпаздары болып:

– «Үздік төреші» – Нургалиева Анжани, «Шетел тілі: екі шетел тілі» білім беру бағдарламасының студенті (ИЯ-22-01 академиялық тобы);
– «Үздік спикер» – Журтекина Медина, «Аударма ісі» білім беру бағдарламасының студенті (ПД-21-01 академиялық тобы) атанды.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге кубоктар, грамоталар және бағалы сыйлықтар табыс етілді.