ЕАГИ студенттері Қазақстан халқы Ассамблеясы өкілімен кездесті
2024 жылдың 16 ақпанында А.Қ. Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институтының оқытушылары мен студенттерінің Астана қаласы өзбек этномәдени орталығының төрағасы Қазақстан халқы Ассамблеясы Республикалық Медиация кеңесінің төрағасы, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Қоғамдық Кеңесінің этносаралық мәселелер жөніндегі комиссиясының төрағасы, ҚР Президенті жанындағы Ұлттық Кеңестің (Ұлттық Құрылтай) мүшесі, ҚР МАМ жанындағы медиация институтын дамыту жөніндегі жұмыс тобының мүшесі, ҚХА Ғылыми-сараптамалық кеңесінің мүшесі Пулатов Шерзод Аббозовичпен кездесуі өтті.
Кездесуді тәрбие ісі жөніндегі проректор, п.ғ.к., профессор Оспанова Ярослава Николаевна ашты. Ол Тәуелсіз Қазақстан этносаралық ынтымақтастық пен өзара түсіністіктің ерекше оң тәжірибесін жинақтағанын атап өтті.
Шерзод Аббозович Ассамблеяның рухани бірлік идеяларын қалыптастыру және тарату жөніндегі қызметі, халықтар достығын нығайту және сақтау, қоғамдағы ұлтаралық және конфессияаралық келісім мен тұрақтылық туралы айтты.
Кездесу барысында жаңа Қазақстанның саяси реформаларын іске асырудағы жастардың рөлі, жастар саясаты мен волонтерлік қызметті дамытуға қатысты өзекті мәселелер талқыланды.
Кездесу диалог, сұрақтар, жауаптар форматында өтті және тыңдаушылардың қызығушылығын тудырды.