ЕАГИ студенттері әлеуметтік сауалнамаға қатысты
2021 жылғы 15-20 сәуір аралығында Еуразия гуманитарлық институтының студенттері Нұр-Сұлтан қаласының жастар саясаты мәселелері басқармасы өткізген Жастар ортасындағы өзекті мәселелер бойынша әлеуметтік зерттеуге қатысты. Қашықтықтан зерттеу барысында студенттер одан әрі жұмысқа орналасуға, білім беру сапасына, әлеуметтік мәселелерді шешуге, жеке өзін-өзі тану мүмкіндіктеріне қатысты сұрақтарға жауап берді.