ЕАГИ студенттері мен профессор-оқытушылар құрамы республикалық қаржылық диктантқа қатысты
2025 жылдың 10–20 қазан аралығында Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі мен Қаржы мониторингі агенттігінің бастамасымен «Заң және тәртіп» қағидаттарын іске асыру аясында А.Қ. Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институтында «Қаржылық диктант» өтті.
Институттың 1000-ға жуық студенті мен профессор-оқытушылар құрамы онлайн форматта диктант тапсырып, қаржылық сауаттылық пен қаржылық қауіпсіздік мәдениетін арттыруға бағытталған білімдерін сынады.
Аталған бастама студенттердің қаржылық операцияларға жауапкершілікпен қарау, алаяқтық қауіптерін тану және дұрыс экономикалық шешім қабылдау қабілеттерін дамытуға ықпал етті.
Мұндай шаралар жастардың қаржылық мәдениетін қалыптастыруға, білімді әрі жауапты азамат ретінде өсуіне зор мүмкіндік береді және еліміздің білім беру саласындағы стратегиялық мақсаттарымен үйлеседі.
