ЕАГИ студенттері Отан қорғаушылар күніне арналған мерекелік концертке қатысты

Отан қорғаушылар күніне орай «Қалалық №3 емхана» ШЖҚ МКК-де концерттік бағдарлама өтті. Іс-шара А.Қ. Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институтының Жастар ісі жөніндегі комитеті мен емхана қызметкерлерінің бірлесуімен ұйымдастырылды.

Концерт мерекелік атмосферада өтті. Көрермендерге жарқын шығармашылық қойылымдар ұсынылды: заманауи би тобы “Black Mamba”, халық би ансамблі “Аяла”, сондай-ақ Базарбай Қарақат “Жұмақ мекен” әнін орындады.

Іс-шара емхана қызметкерлеріне жағымды әсер мен мерекелік көңіл-күй сыйлап, Отан қорғаушыларға деген құрмет пен алғыстың белгісі болды. Мұндай бастамалар жастардың патриоттық сезімін қалыптастыруда маңызды рөл атқарады және білім беру мен медициналық мекемелер арасындағы байланыстарды нығайтуға ықпал етеді.