ЕАГИ студенттері «Таза сессия» акциясына қатысты
2022 жылдың 28 наурызында Еуразия гуманитарлық институтының студенттері «AMANAT» партиясы жанындағы «Jas Otan» жастар қанатының белсенділері ұйымдастырған «Таза сессия» акциясына қатысты. Акцияның мақсаты мен міндеттері туралы студенттерге «Jas Otan» елордалық филиалы жастар қанаты төрағасының бірінші орынбасары Мағзұм Арсланбек айтып берді, ол аталған акцияның жоғары оқу орындарындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту мақсатында «AMANAT» партиясының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаты шеңберінде республиканың жоғары оқу орындарында өткізілетінін атап өтті.