ЕАГИ студенттері үздіктер қатарында!

2016 жылдың 30 наурызында Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-нде неміс тілін екінші шетел тілі ретінде оқитын, «Шетел тілі: екі шетел тілі» және «Аударма ісі» мамандықтары студенттерінің арасында неміс тілінен республикалық студенттік олимпиада өтті. Бұл іс-шараны Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-нің 20-жылдығы мерейтойының аясында филология факультетінің шетел тілдері кафедрасы ұйымдастырды. Олимпиадада үш тур болды, бұған неміс тілін А1-В1 деңгейінде білетін студенттер қатысты:

1-тур: лексико-грамматикалық тест;
2-тур: тыңдалым;
3-тур: «Экспо 2017 біздің болашақ» тақырыбында презентация.

Олимпиадада Павлодар, Петропавл және Астана қалаларынан студенттер қатысты. Олимпиадаға ЕАГИ-ден шетел тілдері кафедрасының ИЯСК-15-01 тобының студенттері Айтжан Р., Жаксылыкова Ж., және ПДК-14-01 тобының студенттері Еленбаева М., Боранбаева А. қатысты.

Финалға төрт студент те өтті. Олимпиаданың қорытындысы бойынша ІІ және ІІІ жүлделі орындарды Жаксылыкова Ж. және Боранбаева А. иеленді.