ЕАГИ студенттерімен сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу тақырыбында кездесу

2023 жылғы 13 қазанда А.К. Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институтында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі Департаментінің Превенция басқармасының басшысы А.К. Оспановпен және аса маңызды істер жөніндегі офицер, ЕАГИ Түлектер қауымдастығының мүшесі А. Кенебаевамен сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселелері бойынша студенттердің ақпараттық-түсіндіру кездесуі ұйымдастырылды.

Тәрбие ісі жөніндегі проректор, п.ғ.к., профессор Я.Н. Оспанова құттықтау сөз сөйледі. Кездесу барысында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселелері, студент жастардың рухани-адамгершілік әлеуетін арттыруға және сыбайлас жемқорлыққа қарсы санасын қалыптастыруға ықпал ететін жұмыс бағыттары талқыланды. Кездесу өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, жауап ретінде барлық қажетті ақпаратты алған студенттердің қызығушылығын тудырды.