ЕАГИ студенттерінің Қазақстан студенттер альянсымен кездесуі

2022 жылғы 4 мамырда Еуразия гуманитарлық институтының конференц-залында Қазақстан студенттер альянсы өкілдерінің біздің ЖОО студенттерімен Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы кездесуі өтті.

Тәрбие жұмысы жөніндегі проректор, п.ғ.к., профессор Ярослава Николаевна Оспанова құттықтау сөз сөйледі. Кездесу барысында Қазақстан студенттер альянсының төрағасы Ілияс Түстікбаев белгіленген саяси реформалардың тиімді болуына мүмкіндік беретін Конституцияға енгізілетін өзгерістер жобасымен жұмыс істеудің маңыздылығын атап өтті. Кездесу студенттер арасында үлкен қызығушылық тудырды.