ЕАГИ студенттік көшбасшылары Республикалық студенттік слетке қатысты

2022 жылдың 14-16 сәуірінде ЕАГИ ЖІК төрағасы Айнұр Шакенова мен ЕАГИ студенттік парламентінің президенті Абильдина Әйгерім «Қазақстан студенттер Альянсы» Республикалық студенттер қозғалысы ұйымдастырған «Жаңа Қазақстанды құрудағы жастардың рөлі» атты Республикалық студенттер слетіне қатысты.

Слетке барлық өңірлер мен мегаполистердің белсенді студент жастары, ЖОО мен колледждердің студенттік парламенттері мен ЖІК төрағалары, Қазақстан Студенттер альянсының облыстық филиалдарының төрағалары мен белсенділері, ҚР БҒМ жанындағы студенттер мәселелері жөніндегі кеңес мүшелері қатысты.

Слет аясында Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауын талқылау ұйымдастырылды, студенттер мәселелері жөніндегі кеңестің кезекті отырысы өтті, Қазақстан студенттері күнін мерекелеу күнінің белгіленуі талқыланды, еркін форматта кездесулер өтті. Слет қатысушылары белсенді жастарды жыл бойына сіңірген еңбегі үшін марапаттау рәсіміне қатысты, сондай-ақ жастардың өзекті мәселелерін талқылауға және ұсыныстар мен ұсынымдар әзірлеуге қатысты.